аламқас» жаңа технологиямен жұмыс істеуі

Аламқас мұнай-газ кен орны

Қаламқас мұнай-газ кен орны - Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан мұнай және газ кен орны. Кен орнының құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды. Қаламқас мұнай-газ кен орны өзі қарайтын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының жалпы мұнайының 70 пайызын өндіретін ірі кенорны. 1979 жылдың 2 наурызында Қаражанбас газ-мұнай кен орнымен бірге өз алдына «Комсомолскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы болып құрылды. Ол атау 1992 жылы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына өзгертіліп, кен орны өз төл атауын иемденген. Кен орны 1980 жылдың 2 қарашасында алғашқы миллион тонна мұнайын өндірсе, одан 25 жыл өткен соң 2005 жылдың 6 маусымында 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндіруге қол жеткізді. Ал бүгінгі күнге дейін 118 миллион тоннадан астам мұнай өндіріліп, ел байлығын еселеп отыр.

Географиялық орны

Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде Бозащы түбегінде орналасқан. Солтүстік Бозащы мұнай бассейніне жатады.

Атауының тарихы

Бозащы түбегіндегі ежелгі қорымның бірі – Қаламқас қыздың есімімен аталады. Қаламқас Маңғыстауға алғаш қоныс аударған адай, беріш, таз, т.б. рубасылары – Атағозы, Шотан, Шақан, Қожамбет, Есболай, Ақпандармен бірге келген ұрпақтың өкілі. Бозашы түбегін алғаш жайлағандар Адай руының жары, жеменей, түрікпенадай Тәңірберген, Беріштің қаратоқай тайпалары болса, Қаламқас ару жарының бектеміс бөлімінен. Ол – жаугершілік заманда ат үстінен түспегей, белінен бесқаруын тастамай, ел қорғаны -ер азаматтармен бірге талай қанды жорықтарға қатыса отырып, Отанын басқыншы жаулардан қорғаған батыр қыздарымыздың бірі. Ал бейбіт күнде ауылды азық –түлікпен қамтамасыз етуге белсене араласқан, аңшы–мерген атанған ару.

Осы мәдени –тарихи ескерткіштер қатарына жататын «Қаламқас әулие» қорымын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы әкімшілігі өз қамқорлығана алып, басына сәулетті кесене тұрғызу жөніндегі Қаламқас кен орнының бір топ мұнайшыларының ұсынысын жерге тастамай Қаламқас арудың бес қаруы бойында ақбоз атпен шауып келе жатқан бейнесі тасқа бедерленіп қашалған ескерткіш және Қаламқастың өзі тыныстап жатқан қорымда алып кесене дүниеге келді.

Геологиялық құрылымы

Кен ортаңғы юра қабатының беті бойынша амплитудасы 100 м-ге жуық ендік бойымен созылған брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Кеннің мұнай сыйыстырушы қимасы триас, юра және бордың терригендік шөгінділерінен құралған, бұлардың ең қалың тұсы 2395 м. Апт шөгінділерінде 2 газды қабат, неокомда 6, ортаңғы юра шөгінділерінің қабатында 2 газды-мұнайлы, 5 мұнайлы қабат анықталған.

Жатыс сипаты

Өнімді қабаттар 505 – 936 м тереңдікте жатыр. Табиғи сыйымдылықтың түрі жөнінен апт иірімдері, неокомның бір қабаты, юраның бес иірімі қабаттық күмбездік, неокомның бес иірімі қабаттық литологиялық қалқаланған, юраның үш иірімі қабаттық, тектоникалық қалқаланған болып қалыптасқан. Коллекторларының кеуектілігі 23 – 29%-ға, өткізгіштігі 0,105-тен 1,468 мкм2-ге жететін құмтастар мен алевролиттерден құралған. Жаппасы қалыңдығы 4-53 м-ге дейінгі сазды жыныстардан тұрады. Өнімді қабаттардың жалпы қалыңдығы 4-28 м, тиімді қалыңдығы 4,2-10,3 м-ге дейінгі шаманы құрайды.

Анығу сипаты

Мұнайға қанығу коэффициенті 0,66-0,72, газға қаныққандығы 0,32-0,69. Мұнайдың тығыздығы 0,902 – 0,914 г/см3, күкіртті, парафинді, шайырлылығы жоғары, газға қаныққандығы 25 м3/т.

Рамы

Қаламқас мұнайы ванадий және никельдің өнеркәсіптік шоғырларымен ерекшеленеді. Бастапқы қабаттық қысым 6,5 – 9,6 МПа, температура 39-44°С, 7 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 26,4-62,1 м3/тәулік болды. Аз мөлшерде азот пен көмір қышқыл газы кездеседі. Юраның үш қабатындағы газдар жеңіл, ондағы ауыр көмірсутектердің мөлшері 5,9-9,9%-ға дейін өзгереді. Юраның бір иірімінде еріген газ құрамы жөнінен «құрғақ», құрамындағы метан 94,5%-ға жетеді. Төменгі бор иірімдерінің еркін газдары құрамы жағынан метаннан тұрады, оларда ауыр көмірсутектер аз кездеседі (0,85%), азот мүлдем кездеспейді, көмір қышқыл газының мөлшері 0,31%-дан аспайды. Бастапқы қабаттық қысым 9,5 – 8 МПа, температура 30-38°С. Кен орны 1979 жылдан бері игерілуде

аламқас» жаңа технологиямен жұмыс істеуі

Бозашы түбегінің солтүстік еңісінде орналасқан «Қаламқас» кен орны қазіргі заманғы озық технологиямен жасақталып, өндірістік қуаты тағы бір сатыға көтерілді. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасындағы электр жабдығының сенімділігін арттырып, электр қуатының іркілісін тежейтін газтурбиналы электрстанция іске қосылып, өндіріс орнына жаңа леп әкелді.

Айтулы күнде мұнайшылардың қуанышымен бөліскен облыс әкімі А.Айдарбаев, «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Т.Бимағамбетов, ардагер мұнайшы Т.Жұмаев символикалық түймені басып, газтурбиналы электрстанцияны салтанатты түрде іске қосты. «Қаламқас» кен орнында орын тепкен жаңа өндірістік алаңда инновациялық технологияның қолданысқа енгізілу сәтіне «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Сунь Синъюнь, «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары Б.Иманбаев, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының басшысы Н.Сәрсенбай және мұнайшылар куә болды.

– «Бүгін облысымыз үшін айрықша маңызды жоба жүзеге асты. Газтурбиналы станциядан өндірілетін электр энергиясы «Қаламқасмұнайгаз» кен орнының ғана емес, басқа да кәсіпорындардың, өндіріс орындарының игілігіне жұмсалады. Жаңа қондырғының тұрақты түрде жұмыс жасап тұруы үшін табиғи газды өндіру көлемін арттыруымыз қажет» - деген облыс әкімі А.Айдарбаев мұнайшылардың қол жеткізген жетістігімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

Келген қонақтар өндірістік алаңды аралап, газтурбиналы электрстанцияның жұмыс жасау технологиясымен, электр энергиясын өндірудегі мүмкіндіктерімен танысты.

- «Өндіріс орнының технологиялық қажеттіліктерін өтеуге бағытталған газтурбиналы электрстанция жер қойнауындағы табиғи газды пайдалана отырып, кен орнын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Станция құрылымына аэродинамика мен технологиялық жанудың ең соңғы заманауи үлгілері енгізілген. Әрқайсысының қуаттылығы қырық бес мегаватт болатын, сегіз жүзден астам турбинадан тұратын электрстанция газбен жабдықтайтын қарапайым термодинамикалық әдіспен жұмыс жасайды. Газ қысымын көтеру үшін турбиналар алдынан бұрандалы «Элтакон» компрессорлары орнатылған. Электрстанция құрамында алты және отыз бес киловольт бөліп тарататын қондырғы мен қуат көзі желіде мүлде болмаған кезде станцияны іске қосуға мүмкіндік беретін дизельді генератормен жасақталған. Генератор трансформатор арқылы тұтынушыға жететін электр тоғын шығарады. «Сименс» компаниясының қос агрегатының басқару жүйесі толықтай автоматтандырылған. Газтурбиналы құрылғы тәулігіне үш жүз отыз мың, жылына жүз миллион текше метрге дейін табиғи газды энергия көзіне айналдыруға қауқарлы. Соңғы жылдары өндіріс орнында электр қуатына деген сұраныс 4-6 пайызды құрайды. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы осы уақытқа дейін электр тоғын алып келген «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» серіктестігі мен «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның электр қуаты өңірдің қажеттілігіне бағытталатын болады» деген «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС директорының орынбасары Н.Қосбаев газтурбиналы электрстанцияның жұмысын атқару үшін қырық жеті жаңа жұмыс орны ашылғанын хабарлады.

Мамандардың пікірінше, жаңа газтурбиналы құрылғының іске қосылуы табиғи газды аз мөлшерде жұмсауға және қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі бастаған қонақтар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқас» кен орнында жуырда пайдалануға берілген полимер айдау зауытында болып, жұмыс қарқынымен танысты.

Полимер айдау зауытының қызметін жүргізіп отырған «Алстрон » ЖШС инженері Қ.Бекетовтың айтуынша, бұрын мұнай алынған ұңғыманы сумен толтырғанда, ол мұнайға араласып кететін. Полимер қара алтынмен араласпай, ұңғымада қалған мұнайды шығарады. Алдағы жылдарда полимер айдау арқылы мұнай көлемін арттыруды көздеген өндірістік басқарма басшылары полимердің өзін кен орнынан шығаруды жоспарлап отыр.Қазыналы өлкедегі ырысты мекен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқас» кен орнының жетілген, озық технологиямен жабдықталуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін беріп, жылдан-жылға қара алтынды өндіру көлемін арттырып, еліміздің табысын еселей түсуге септігін тигізеді.

Дереккөздер

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997


3431353459320132.html
3431390327903845.html
    PR.RU™